Қызылордада 16 жастағы қызды секс-құлдықта ұстаған: сотталғандар үкімге шағымданған
- автор Томирис Тоныкөк
- 13 қараша, 2025
- 243
Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық сот алқасы Қызылордада кәмелетке толмаған қызды азаптап, жезөкшелікке мәжбүрлеуге қатысты атышулы қылмыстық істі қарады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, сотқа сотталғандардың адвокаттары мен қорғаушылары (туыстары) тарапынан жазаны жеңілдету және сотталу жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстыру туралы шағымдар түскен. Іс жабық сот отырысында қаралған.
Адвокаттар мен қорғаушылардың шағымдары қанағаттандырылмай, сотталғандарға тағайындалған жаза өзгеріссіз қалдырылды. Кассациялық сот бірінші сатыдағы және апелляциялық соттың қорытындыларымен келісті.
«Жаза қылмыстық заң баптарының санкциясы шегінде тағайындалған, жасалған қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипаты, сотталғандардың жеке басы, әрқайсының қылмысқа қатысу рөлі, сондай-ақ жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескерілген», – деп хабарлады кассациялық сот.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың тамыз айында әлеуметтік желіде 16 жасар қыздың сексуалдық құлдыққа ұшырағаны туралы ақпарат тараған болатын. Кейін полиция қылмыстық іс қозғалып, кәмелетке толмаған күдіктілердің ұсталғанын хабарлады.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда педагогтердің құқығын бұзғандарға жаза күшейтілмек
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025
Қазақстанда соңғы айларда дәрі-дәрмек арзандаған
- авторТомирис Тоныкөк
- 26 желтоқсан, 2025




