Қоғам
«Бетінен жұдырықпен ұрған»: Қостанайда дәрігерді соққыға жыққан ер адамға шыққан үкім өзгеріссіз қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 08:11
- 33
Қостанайда ер адамды дәрігерді соққықа жықты.
Қостанай облыстық сотының алқасы дәрігерге абайсызда ауыр жарақат келтірген ер адамға қатысты үкімді күшінде қалдырды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Аlmaty.tv-ға сілтеме жасап.
Соттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, іс материалдарына сәйкес, шілде айында ер адам қабылдау кезінде уролог-дәрігермен сөзге келіп, оның бет тұсына жұдырықпен соққы жасаған. Соққыдан дәрігер қабырғаға соғылып, бас сүйек-ми жарақатын алған.
Сотталушының әрекеті абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіру деп бағаланып, Қостанай қаласының №2 соты оған алты ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
Апелляциялық шағымды қараған сот алқасы үкімді өзгеріссіз қалдырды.



