Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Топтасып зорлаған»: секс-құлдықта болған 16 жастағы қызылордалық қызға қатысты тың дерек шықты

«Топтасып зорлаған»: секс-құлдықта болған 16 жастағы қызылордалық қызға қатысты тың дерек шықты
Сурет: Pexels
Қызылордада секс-құлдықта болған 16 жастағы оқушыға қатысты тың мәлімет белгілі болды.

Бірнеше еркек топтасып зорлады деген күдік туған 16 жастағы қызылордалық оқушыға қатысты тың деректер белгілі болды. Бас прокуратура мен ішкі істер министірлігі енді өрімдей қызға қол жүгірткендердің мәселесін майшаммен қарап жатыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

Құзырлы органдардың мәліметінше, кәмелетке толмаған сыныптасын ұрып-соғып, кейін есірткі беріп, жарты жыл бойы секс-құлдықта ұстағандарға тиісінше үкім кесілген. Ендігі мәселе — олардың банк картасына келіп түскен мыңнан астам түрлі азаматтың жеке басын анықтап, тергеу.

Жалпы бұған дейінгі тергеу көрсеткендей, қатарластары осы 16 жастағы қыздың видеосын саудаға салып, 13 млн теңгеге жуық пайда тапқан. Қазір қыз әлі күнге дейін неврологиялық ауруханада ем алып, психологтардың бақылауында. Белгілі болғандай, түрлі мерзімге бас бостандығынан айырылған сыныптастары жазамен келіспей, оны жұмсартуды да сұрапты.

«Тергеу жүргізіліп жатыр. Қызға қатысты жезөкшелікке мәжбүрлі түрде тартылудан басқа, тағы қандай зұлымдық жасалғанын құзырлы органдар анықтап жатыр. Қолда бар заттай дәлелдің негізінде, Қазақстанның түкпір-түкпіріне сұрау салынды. Яғни бұл қыздың кәмелетке толмағанын біле тұра, қызбен жыныстық қатынасқа түскендер, зорлық-зомбылық көрсеткендердің барлығын жауапқа тартамыз. Арасында шетел азаматтары жоқ», - дейді ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.
 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар