Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы белгілі болды

"Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы белгілі болды
Сурет: ашық дереккөздерден
Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы Дәрия Қуатжан болды.

Талдықорғандық Дәрия Қуатжан "Қазақ аруы – 2025" байқауының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Дәрия Қуатжанға 26 376 адам дауыс берген.

Екінші орын 13 160 дауыс жинаған өскемендік Диана Қырымға, үшінші орын 11 045 дауыс жинаған Түркістан қаласының өкілі Дариға Рахымға бұйырған.

Айта кетейік, былтырдан бері "Қазақ аруы" байқауының жеңімпазын халық таңдайды. Яғни жеңімпаз дауыс беру нәтижесінде анықталады.

Дәрия Қуатжан – жас дизайнер әрі кәсіпкер. Ол арнайы "Қазақ аруы" ұлттық байқауы үшін 20 күнде "Көшпенді дала ұрпақтары" топтамасын дайындаған.

Оның айтуынша, киімдегі әр деталь байтақ даламыздан, бабаларымыздың қайсар мінезінен, жігерлі намысынан шабыт алып жасалған.

"Үйлесімді түс, сырмалы тігіс, бұйымдар барлығы қазақ үнімен сөйлеп тұрғандай", - дейді ол.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар