«Жарып жіберу керек орын»: 2GIS-ке пікір қалдырған алматылық ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 15:18
- 29
Алматы полициясы жарылыс жасау керек орын туралы қорқыту мазмұнында пікір қалдырған ер адамды ұстады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Діни бірлестіктердің қызметіне қатысты жарияланымның астына белгісіз қолданушы жазба қалдырған. Бұл бойынша «102» пультіне хабарлама түскен. Оған қалалық Полиция департаментінің Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел әрекет етті.
«Жарып жіберу керек орын», – деп жазған 2GIS-ке.
Автордың 2004 жылы туған Алматы тұрғыны екені белгілі болды. Ер адам ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді.
«Интернетте жазылған болса да, кез келген қорқыту полиция тарапынан қоғамдық қауіпсіздікке төнетін нақты қауіп ретінде қаралады. Мұндай «әзілдердің» ауыр салдары болуы мүмкін. Әрбір хабарлама мұқият тексеріліп, кінәлілер заңға сәйкес жауапкершілікке тартылады», – деді Алматы қаласы ПД Экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Асхат Дәулетияров.
Полиция әлеуметтік желілерді пайдалануда жауапкершілік танытуға, қорқыту немесе заңға қайшы мазмұндағы хабарламаларды жарияламауға шақырады.



