Шымкентте ер адам көпқабатты үйдің үстіне көлігін кранмен шығарып, дрифт жасаған (ВИДЕО)
- автор Томирис Тоныкөк
- 14 қараша, 2025
- 322
Шымкентте көлігімен көпқабатты үйдің төбесінде дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Шымкент ПД-ға сілтеме жасап.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, полицейлер құрылысы аяқталмаған көпқабатты үйдің төбесінде әлеуметтік желідегі "хайп" үшін видео түсіру мақсатында қауіпті дрифт жасаған жүргізушіні анықтап, ұстаған.
"Жас жігіт автокөлікті 12 қабатты ғимараттың төбесіне – шамамен 40 метр биіктікке шығарып, өз өміріне ғана емес айналасындағыларға да қатер төндіретін маневрлер жасаған", - делінген хабаралмада.
Бұл құқық бұзушылықтың видеосы әлеуметтік желілерде тараған. Қабылданған шаралар барысында жүргізуші анықталып, оған қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылған. Көлік айыппұл тұрағына қойылған.
"Тәртіп сақшылары мұндай әрекеттердің аса қауіпті екенін ескертеді, заң талаптарын сақтап, желідегі танымалдық үшін өзіңізге және айналадағы адамдарға қауіп-қатер төндірмеуге шақырады", - делінген хабарламада.
«Жаңбыр және қар»: 17 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Ұқсас жаңалықтар
28 наурызда Қазақстанның бірнеше өңірінде жауын жауып, найзағай ойнайды
- авторkyn.kz
- 28 наурыз, 2026
Мектеп психологы: Әр ата-ана өз баласының психологиясын тани білуі керек
- авторkyn.kz
- 27 наурыз, 2026




