Алматыда болған қатты жарылыстан бір ауданның жарығы өшіп қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 10:50
- 34
Алматы тұрғындары таңертең Сайран көлі маңында жарылысқа ұқсас қатты дыбыс естіді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Әуезов ауданының тұрғындары қатты дыбысты шамамен 9:00-де естіген. Сол сәтте пәтерлерде жарық өшіп қалған.
"Күшті жарылыс болды. Қалада ұзақ уақыт жарық болмайтын сияқты", – дейді тұрғындар.
Сондай-ақ Абай даңғылы мен Алтынсарин көшесі қиылысында барлық бағдаршам бір мезетте өшіп қалған. Соның салдарынан жолда кептеліс пайда болғанын айтады тұрғындар.
ТЖД оқиғаға қатысты мәлімет берді. Оған сәйкес, сағат 8:53 кезінде Өтеген батыр көшесінде трансформатор өртеніп жатқаны туралы хабар түскен.
"Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімдері жіберілді. Онда 0,2 шаршы метр аумақта трансформаторлық қосалқы станция ашық күйде жанып жатқаны анықталды. Электр желісі қызметкерлері нысанды жарықтан ажыратты", – деп хабарлады ТЖД.
Қазіргі уақытта электр энергиясын беру толық қалпына келтірілген.



