Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қазақстанда онлайн-казино жарнамалаған блогерге іздеу жарияланды

Қазақстанда онлайн-казино жарнамалаған блогерге іздеу жарияланды
Сурет: nice-bets.ru
Қазақстанда шетелдік блогер Mellstroy-ға іздеу жарияланды.

37 жастағы Беларусь азаматы Андрей Буримге (Mellstroy лақапатымен танымал блогер) халықаралық іздеу жарияланды. Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) оның қандай күдікке ілінгенін түсіндірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

ҚМА мәліметінше, блогер Андрей Бурим әлеуметтік желілер арқылы онлайн-казино Mellstroy.game платформасын ілгерілету мақсатында заңсыз ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінген. Бұл ретте қазақстандық пайдаланушыларды да нысанаға алынғаны айтылған.

Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған. Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

"Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған. Сонымен қатар, 2025 жылғы қарашада Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды", - делінген хабарламада.

ҚМА өкілдері іздеудегі тұлғалардың орналасқан жері туралы қандай да бір ақпарат білетіндерге, Астана бойынша ЭТТД-ге келесі телефондар арқылы хабарласуды сұрайды. Құпиялылық пен сыйақыға кепілдік беріледі.

  • +7 7172 70 84 78 — кезекші бөлім;
  • +7 7172 70 84 79.
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар