Қостанай облысында 24 жастағы жігіт судан ер адамның денесін шығарып алды, деп Қостанай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі жазды
«17 шілде күні сағат 01:30-да Меңдіқара ауданында 1994 жылы туған азамат Буденов ауылынан екі шақырым жерде, Тобыл өзенінен 1979 жылы туған ер адамның денесін шығарып алған», - деп мәлімдеді ТЖД баспасөз қызметі.
Департамент өкілдерінің айтуынша, ер адам шомылуға болмайтын жерде суға түсіп, батып кеткен.