Басты жаңалықтар
Ернар Айдар: Концертке киімдердің бәрін қарызға тіктірдім
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 467
Әнші жеке ән кештерінің шығынға батыратынын айтты
Араға жарты жыл салып Астана қаласында жеке ән кешін өткізген Ернар Айдар қандай қиындықтарға тап болғанын айтып берді. Әншінің сөзіне сенсек, мұндай ән кештері материалдық тұрғыдан пайда әкелуден гөрі шығынға батырады, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі Айта берсін бағдарламасына сілтеме жасап.
«Бұл жерде ақталмай турасын айтайын. Мұндай концерттерден ешқандай пайда келмейді. Кейде, тіпті, қарызға батырып жататын кездері де болады. Бұл халыққа арналған концерт. Сол себепті, әркім әртүрлі көзқараста. Мысалы, мен барымды аямаймын. Киімдерге де көп ақша жұмсап, барынша жаңа әндер орындауға тырысамын. Ән кешін беретін болғандықтан, тезірек жаңа әндер жазып, киімдер шығару қажет. Әнді шығардым деген аты ғана емес, сапалы да болуы керек. Күн-түн демей ойланып, ақын-сазгерлермен жұмыс істеу қажет», - дейді әнші.
Ернар Айдар концерттік бағдарламаға арналған киімдерінің барлығын қарызға тіктірген екен. Танысының өзіне дәл осындай жеңілдік жасағаны үшін алғыс айтты. Сондай-ақ, бұл концертіне де аз уақыт дайындалмағанын айтып өтті.
«Киімнің өзіне де шабыт керек. Ол барынша би билегенге де ыңғайлы болғаны жөн. Сол үшін мұндай ән кештерінің болып жатқанына халық қуануы керек деп ойлаймын. Себебі, мұндайда өнерпаз өзіне талап қояды. Ал талап бар жерде өзгеріс те бар. Концерт өткізу үшін ақсақалдардың батасын үш ай бұрын алғанмын. Жарты жылға жетпей Астана қаласында қайтадан ән кешін беріп жатырмын. Ол да оңайға соқпайды. Себебі, қомақты қаржы кетеді. Арендасы бар. Оның үстіне киімдердің барлығын қарызға тіктірдік. Тігіп жатқан адамның өзіміздің танысымыз екені жақсы болды. Оған ақшаны міндетті түрде қайтарамын (Күлді.)», - дейді ол.
Автор: Kyn.kz