Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Түріктерге шығып алған»: актриса Айнұр Жүгінісова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қыз-келіншектерге деген көзқарасын білідірді

«Түріктерге шығып алған»: актриса Айнұр Жүгінісова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қыз-келіншектерге деген көзқарасын білідірді
Сурет: видеодан скриншот
Актриса Айнұр Жүгінісова өзге ұлт өкілінің азаматына тұрмысқа шыққан қыз-келіншектер бірнәрсені түсінгенін айтты.

Белгілі актриса Айнұр Жүгінісова басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан қыз-келіншектерге қатысты журналист Гүлжанат Пірімбетоваға берген сұхбатында сөз қылды, деп жазады KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, өзге ұлт өкілінің азаматына тұрмысқа шыққан қыз-келіншектер өздерін күйеуі «ханшайым» етіп ұстап отыр деп қателеседі.

"Жастарды айтпай-ақ қояйын орта жастағы әйелдер бар басқа ұлт өкіліне тұрмысқа шыққандар. Түріктерге шығып алған. «Ой рахат бұлар бізді коралева қылып алақандарында ұстап отыр» деп айтады. Сосын ол кісіге «Сәл ойланып көріңізші ол сізді коралева қылып ұстап отырған жоқ. Сіздің еркекке деген көзқарасыңыз өзгерді ғой» деп едім иа деді. Өйткені ол өзге ұлт өкілі болғаннан кейін солай. Біздің құлдық санамызда да бар. Біз өзге ұлт өкіліне басқа көзқараспен, құрметпен қараймыз. Қазір өзге ұлт өкілі келсінші ортамызға соған күліп, соның тілінде сөйлеуге тырысып, соған құрмет көрсетіп кетеміз. Ал қазақтың еркегі келсінші оны байқамаймыз да", -дейді.

Бұдан бөлек, Жүгінісова ер адамның өсуіне әйел себепші екенін айтады.

«Біз тек қалтасы қалың және абыройлы адамдарды ғана сыйлап үйреніп алдық. Ал олар абыройлы, қалтасы қалың болып туылған жоқ. Оның өсуіне ақылды әйел себепші бола білді. Қазіргі жастар «неге біз оны дұрыстауымыз керек па?» деп айтады. Енді дұрысталмасаң сенің өмірің де дұрысталмайды ғой. Мысалы, әр әйел жауапкершілікті өзіне алмай, оны дер кезінде еркегіне қойып қойған болсақ біз рахат өмір сүрер едік. Біз сабырсыз, шыдамсыздықтың арқасында көп нәрсені өз мойнымызға алып отырмыз. Содан кейін де Алла саған қиындықты бере береді. Мықты бизнесмен болып жүргендер бақытты деп ойлайсың ба? Сөйлессең етектері жасқа толады. Өйткені бақыт ақшада емес. Бақыт материалдық құлдыққа байланбаған. Бақыт сыйластыққа, сезімге байланған нәрсе», - дейді актриса.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар