Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Жұманғарин: 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады

Жұманғарин: 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады
kyn.kz
Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин әлеуметтік қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды  Үкіметтің баспасөз қызметі

Серік Жұманғариннің сөзінше, 2026-2028 жылдары халықтың табысы инфляциядан жоғары қарқынмен жыл сайын 2-3 пайызға өсіп отырады.

Сондай-ақ халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бағдарламалары жалғасын табады.

Одан бөлек экономикалық белсенділігі төмен өңірлерге ерекше назар аударылады.

Премьер-министр орынбасарының айтуынша, үкімет әлеуметтік қолдаудың атаулылық бағытын арттыруға ниетті.

"Әлеуметтік төлемдердің ашықтығы мен атаулылық бағытын арттыру үшін цифрлық технологиялар қолдануды кеңейту жоспарлануда. 2027-2028 жылдары ең төменгі жалақыны көтеру мәселесі қаралады. 2026-2028 жылдары халықтың нақты табысының өсуі жылына орта есеппен 2-3 пайыздан төмен болмайды", - деді Серік Жұманғарин.

.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар