1414-тен келген хабарламаны ашуда абай болу керектігі ескертілді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:21
- 1
Мемлекеттік кірістер комитеті алаяқтардың схемалары туралы ескерту жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Иинтернет-алаяқтар «Салықты шұғыл төлеу қажеттігі туралы ескерту» деп жалған хабарламалар таратуда. Өздерін салық органдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, азаматтарға қоңырау шалады. Олар есептіліктің (270-нысан) жоқтығы туралы жалған ақпарат береді. Сонымен қатар, алаяқтар курьер кейпінде азаматқа салық органдарынан хат келгенін айтып, оны жеткізу қызметін Мемлекеттік кірістер комитетінің есебінен жүргізілетіндей етіп ұсынады.
Алаяқтар 1414 нөмірінен жәбірленушінің телефонына «Enbek.kz» атынан хабарлама жіберіп, алты таңбалы кодты айтуын сұрайды.
«Мемлекеттік кірістер комитеті азаматтарды сақ болуға, жалған хабарламаларға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, кодтар мен нөмірлерді айтпауға, алынған ақпараттың шынайылығын тексеруге және алаяқтардың арандатуына ермеуге шақырады. Салық және қаржылық қызметке қатысты ақпаратты тек ресми дереккөздерден алуға кеңес береді», — делінген хабарламада.



