Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қостанайда депутат көше атауларын қазақшаға ауыстыруға қарсы шыққан

Қостанайда депутат көше атауларын қазақшаға ауыстыруға қарсы шыққан
instagram.com/ssgpoamanat_rudnyi
Қостанай облысының Рудный қаласында көше атауларын қазақшаға ауыстыруға қатысты өткен қоғамдық тыңдалымнан кейін әлеуметтік желіде дау туды.

 Белсенділер мен тұрғындар Аmanat партиясынан сайланған депутат Валерий Гирфановтың мандатын тапсыруын талап етіп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Кеше өткен тыңдалымда Иван Франко көшесін — Әлия Молдағұлова, ал 50 лет Октября көшесін — Достық деп өзгерту мәселесі қаралды. Депутаттардың басым бөлігі жаңа атауларды қолдады.

Алайда, жұрттың назарын аударған жайт — депутат Валерий Гирфановтың бұл өзгерістерге «қарсымын» деп дауыс беруі.

НЕГЕ РЕЗОНАНС ТУДЫ?

Желі қолданушылары депутаттың бұл әрекетін:

азақ тілінің дамуына қарсы шығу,

ұлттық құндылықтарға салқын қарау,

Екінші дүниежүзілік соғыста ерлікпен қаза тапқан батыр Әлия Молдағұлованың есімін қолдамау деп отыр.

ПАРТИЯҒА ШАҒЫМ

Желі қолданушысы депутаттың позициясы партия идеологиясына қайшы екенін және беделіне нұқсан келтіретін.

– Қазақ тілін де, Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованы да қолдамаған депутат қызметтен кетсін!, – делінген жазбада.

kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар