Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Қызымның қайтыс болғанына 500 күн": жетінші қабаттан құлап көз жұмған Ақнәр Гүлстанның анасы Тоқаевқа үндеу жолдады.

"Қызымның қайтыс болғанына 500 күн": жетінші қабаттан құлап көз жұмған Ақнәр Гүлстанның анасы Тоқаевқа үндеу жолдады.
Сурет: ашық дереккөздерден
Жетінші қабаттан құлап қайтыс болған Ақнәр Гүлстанның анасы президентке үндеу жолдады.

2024 жылы Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінің 7-қабатынан құлап, қаза тапқан 22 жастағы Ақнәр Гүлстанның өліміне қатысты тергеу әлі жалғасып жатыр, хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақнәрдің анасы Гүлстан Хамитова әділдікке қол жеткізе алмай жүргенін айтып, президент Тоқаевқа үндеу жолдады. 

“Қызымның қайтыс болғанына тұп-тура бес жүз күн болды. Осы бес жүз күннен бері әлі әділдікке қол жеткізе алмай келе жатырмын. Үздіксіз шағымдануымның нәтижесінде іс Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеуіне берілді. Десе де әлі де толыққанды шешім шыққан жоқ. Менің жалғыз қызымды өлтіргендер жазаланбай жатыр. Кұдіктілер әлі ұсталған жоқ. құрметті президент мырза, мен сізден көмек сұраймын. Бұл істі жабуға болмайды. Қызымның ісінің әділ тергелуін талап етемін”, – деді ол.

Айтуынша, 25 тамыздан бастап Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі тергеуді бастаған. Қазір тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Десе де Гүлстан Хамит бұл істің 1 жарым жылдан бері әлі тергеліп жатқанына таңданысын білдірді.    

“ Үмітім мен күдігім 50-50. Істі Астанаға апарып, комиссия құрып, тағы тергесін деп шағым білдірдім. Себебі Алматы қалалық прокуратурасының табалдырығын тоздырып, жылап-еңіреп жүргеніме 1 жылдан асты”, – дейді Гүлстан Хамитова. 

Марқұмның анасы құқық қорғау органы өкілдері тергеуді дұрыс жүргізбесе халықаралық ұйымдардан көмек сұрайтынын айтты. 

Айта кетсек, қайғылы оқиға 2024 жылдың шілде айында болды. 22 жастағы Ақнәр Алматыдағы тұрғын үйлердің жетінші қабатынан құлап қайтыс болған. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, полиция әлі күнге дейін істі тергеп жатыр. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар