«Отанымды жемей, 3 мың теңгеге зарламай, барып қолдаңдар»: жұртты Мөлдір Мұқанның киносына шақырған коуч сынға қалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:33
- 758
Белгілі коуч-психолог Құралай ханым продюсер Мөлдір Мұқанның киносын көруге халықты шақырамын деп сөзге қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Ол көпшілікті Мөлдірдің фильмін қолдауға шақырды.
«Мөлдірдің киносынан шықтым... Қай қазақ болса да тыпырлап, шамасы жеткенше еңбектеніп жатқанын көру – маған мақтаныш. Қолынан түк келмейтін, бітірген дымы жоқ, сыншы диванбатырлар отанымды жемей, 3 мың теңгеге зарламай, барып қолдаңдар, Мөлдірді», - деп жазған ол.
Оның бұл сөзі желіде дереу тарап, оқырмандар неше түрлі пікір қалдырды.
«Не үшін қолдауымыз керек ? Не еңбегі сінді? Сенің немесе Мөлдірдің елге өткізіп қойғандары бар ма ? Сол 3000 теңгені ем алып , ауырып жатқан балаға берейін», «Сізді құрметтейтін едім. Бірақ мына постыңыз ужааааас енді. Кім бару бармау керек екенін өзі білетін шығар неғыса? Зарламай деген вообще», «Ақшасын төлесеңіз-кино, такси, су, поп-корн мен уақытымның, барайын», «Басты қатырма, 3000 тг атсаң да бармаймын, ал не істеп аласың?» деп жазды желі қолданушылары.




