Бүгін таңертең Алматыдағы әл-Фараби даңғылында жол апаты болып, үлкен кептеліс пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқырмандар әл-Фараби даңғылындағы жол апатының видеоларын желіде бөлісіп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, үш көлік соқтығысып, кейін біреуі өртеніп кеткен, зардап шеккендер бар.
Алматы Полиция департаменті мәліметінше, оқиға сағат 7:00-де Бостандық ауданында болған.
"Toyota көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатып, қарсы бағытқа шығып кетіп, Lexus көлігімен соқтығысқан. Кейін жолда тоқтап тұрған Lexus-қа Hyundai көлігі келіп соғылған", – деп хабарлады полиция.
Ведомство өкілдері соққыдан кейін Toyota көлігі өртенгенін айтты.
"Апат салдарынан Toyota жүргізушісі мен жолаушысы, сондай-ақ Lexus жүргізушісі дене жарақаттарын алған", – деді полиция.



