«Күмән тудыратын сілтемелер»: іРhone иелеріне интернет-алаяқтық қаупі туралы ескерту жасалды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:45
- 1
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатердің және қоғамдық қауіпсіздіктің тәуекелдерін болжау орталығы iPhone иелеріне қатысты интернет-алаяқтықтың қаупі туралы ескертеді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.
Шетелдік дереккөздердің ақпаратына сәйкес, құқық бұзушылар адамдарға Apple атынан жалған SMS немесе iMessage жолдайды, хатта табылған iPhone-ның моделі, түсі және жадының көлемі көрсетіледі, осылайша хабарламаның түпнұсқалығын көрсету әсерін қолданады. Бекітілген сілтеме бойынша өту арқылы, пайдаланушы Apple Find My сервисіне визуалды ұқсас жалған парақшаға түседі, ол Apple ID логині мен паролін алаяқтарға жолдайды.
Бұл құқық бұзушыларға iPhone белсендіру блоктауын айналып өтуге, құрылғыға және жеке ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндігін береді. Қауіп-қатердің көрсетілген түрі белсенді түрде таралуын ескере отырып, қатаң түрде келесі шараларды ұстану ұсынылады:
- күмән тудыратын сілтемелер бойынша өтпеуді;
- жоғалған құрылғының блоктау экранында байланыс ақпаратын
көрсету үшін бөлек электронды пошта мекенжайын пайдалануды;
- SIM-картаға қол жеткізуді қиындату үшін оны PIN-кодпен қорғауды;
- құрылғыны тек icloud.com/find. арқылы тексеру.


