Астанада жолаушы такси жүргізушісінің құлағы нашар еститінін пайдаланып, жол ақысын төлемей кеткен
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:14
- 30
Астанада таксистің құлағы естімейтінін көрген жолаушы оған жол ақысын төлемей кеткен, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы желіде Threads қолданушысы жазды. Оның сөзінше, жолаушы Көкшетау-Астана бағыты бойынша таксиге тапсырыс берген.
«Ол таксистің есту қабілеті нашар екенін пайдаланып, ақша төлемей, қашып кеткен. Видеода таксист жолаушыдан ақша түскенін күтіп отырған. Ақшаны жолаушының әпкесі жіберуі керек болған. Таксист әкемнің жақсы танысы. Адамдар осындай жағдайды пайдаланатыны өкінішті. Егер кімде-кім видеодағы жігітті таныса, өтініш пікірге жазып кетіңіздерші», – дейді жазба авторы.
Желі оқырмандарының арасынан таксистке ақша жібергісі келетіндер бар. Бірақ ол тек жолаушы жол ақысын төлегенін қалайтынын айтқан.

Еске салсақ, бұған дейін алматылық блогер Нұрила Аманбаева есту қабілеті нашар такси жүргізушісін мазақ етіп, дауыстап ән айтқан болатын. Бұл жағдайдан кейін блогер полицияға жеткізіліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.



