Жетісу облысында әйелді күйеуі атпен сүйреп өлтірді: алғашқы сот отырысы өтті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:24
- 72
Жетісу облыстық мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында сотталушы Айбар Жанболаттың ісі бойынша алғашқы сот отырысы өтті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Судья Әділет Бақытовтың төрағалығымен өткен тыңдауда қорғаушы тарап сотты жабық форматта өткізу өтінішін білдіргенімен, сот оны қанағаттандырмай, процесс ашық түрде жалғасты.
Мемлекеттік айыптаушы Нұрлан Билібеков айыптау актісін оқып, тергеу нұсқасы бойынша, қайғылы оқиға болған күні сотталушы алкогольдік мас күйде болып, қызғаныштан Айзатты ұрып-соққанын жеткізді.
Негізгі сот отырысы 5 желтоқсанға сағат 10:00-ге белгіленді.
Еске салсақ, Айзатты күйеуі ауруханаға жеткізгенімен, әйел алған жарақаттарынан өмірін сақтай алмады.
Алғашқы тергеу «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру, абайсызда өлімге соқтыру» бабы бойынша жүргізілген. Дегенмен, марқұмның туыстары қайта сараптама жасатып, оның денесіндегі жарақаттардың жүйелі түрде, ауыр затпен жасалғанын анықтады. Осыдан кейін іс ҚК-нің 99-бабы — «Адам өлтіру» бойынша қайта қарастырылды.
Марқұмның туыстары қызын азаптау сәтінде қасында болған адамдардың бәрін жауапқа тартуды талап етуде. Айзаттың күйеуі Айбар Қайратұлы ұсталып, қылмыстық іс жүргізіліп жатыр.



