Алғабастағы өрт: аман қалған баланың жағдайы ауыр
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:42
- 40
Түркістан облысындағы алапат өрттен аман қалған баланың жағдайы өте ауыр. Ал екі ересек адамның аз да болса беті бері қараған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
«Бүгінде екі ересек адамның жағдайы тұрақты. Зардап шеккендер Шымкентке жеткізіліп, оларға көмек көрсетілуде. Дегенмен баланың жағдайы өте ауыр. Мамандар кеңес беріп, ем-домын түзетіп, баланың жағдайын бағалауда. Денсаулық сақтау министрлігі жағдайды қадағалап отыр», - дейді ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі, Тимур Сұлтанғазиев.
Жетісай ауданының Алғабас ауылындағы өрт өткен сейсенбі күні болған. Екі қабатты үйде тұтанған өрт 12 адамның өмірін жалмаған еді. Оның тоғызы — бала. Ағайынды жігіттер бала-шағасымен тойдан келіп шырт ұйқыға кеткен беті екен. Өрт сөндірушілер бірінші ес-түссіз жатқан үш адамды құтқарып, ауруханаға жеткізді. Аман қалған екі ересек адамның қазіргі жағдайы тұрақты. Ал кішкентай бала хәл үстінде. Оған көмек көрсету үшін Алматыдан арнайы жоғары білікті мамандар шақырылыпты.
Ұқсас жаңалықтар
545 000 теңгеге дейін: арнайы жәрдемақыны кімдер алуға болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 қараша, 2025
Тұмау өршіп тұр: елімізде 789 мектеп қашықтан оқып жатыр
- авторТомирис Тоныкөк
- 27 қараша, 2025



