Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Бір топ адам зорлаған болуы мүмкін»: Жамбыл облысында 14 жастағы қыз жүкті болып қалды

«Бір топ адам зорлаған болуы мүмкін»: Жамбыл облысында 14 жастағы қыз жүкті болып қалды
Сурет: Freepik.com
Жамбыл облысында 14 жастағы оқушыны бірнеше адам зорлаған.

Жамбыл облысында 14 жастағы қыз жүкті болып қалған. Бұл туралы "НеМолчиKZ" қорының Instagram-дағы парақшасы жазды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Полиция департаментінің өкілдері қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.

"14 жастағы қыздың анасы жедел жәрдем шақыртқан. Сөйтіп оқушының жүкті екені белгілі болады. Жасөспірім зорланған. Оны бір топ адам болуы мүмкін. Қазіргі кезде зорлық әрекеттерді жасағандар бостандықта жүр. Қыз баланың менталды бұзушылықтары бар. Анасы мен қызына ешкім көмек көрсетіп жатқан жоқ. Анасының сөзінше, осы уақытқа дейін бірде-бір күдікті ұсталмаған. 14 жастағы қыздың жүкті болып қалғаны тергеу амалдарын жеделдетпеген", - делінген қор хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар