Қоғам
Алматы әуежайында жаңа туған нәрестені алып кетпек болған Қытай азаматтары ұсталды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:03
- 13
Суррогат аналардан туған сәбилерді әкетпек болған қытайлықтар Алматы әуежайында ұсталып қалды.
Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар шетелдіктер Қазақстаннан кетпек болғанда ұсталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.
11 қараша күні Алматы әуежайында қолында суррогат аналардан туған сәбилері бар қытайлық екі отбасылық жұп ұсталды. Шетелдіктердің балаларға қатысты құжаттары болған, бірақ олар Қазақстаннан шыға алмады.
Алматы қаласы полиция департаменті әуежайда Қытай азаматтарының ұсталғанын растады.
“Бұл факті бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасы қылмыстық кодекстің 135-бабының 1-бөлімі (Кәмелетке толмағандар саудасы) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Қазір іс бойынша тергеу жүргізілуде”, – деп хабарлады полиция.
Келесі мақала



