Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Алматыда әке аулада ұлымен ерегескен баланы бар күшімен секіріп теуіп, миын шайқалтқан (ВИДЕО)

Алматыда әке аулада ұлымен ерегескен баланы бар күшімен секіріп теуіп, миын шайқалтқан (ВИДЕО)
Сурет: видеодан скриншот
Ер адам ұлымен келіспей қалған баланы теуіп құлатып, миын шайқалтты.

Алматыда ер адам ойнап жүрген баланы аяусыз ұрып тастады, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.

Бұл туралы соққыға жығылған баланың анасы әлеуметтік желіде айтты. Оқиға Алатау ауданындағы «Каспий» тұрғын үйдің ауласында болған. Ойын алаңындағы балалардың арасында келіспеушілік туындап,  оған ашуланған еңгезердей ер адам баланы теуіп, жерге құлатқан. Артынша, әйелі де құлағынан тартып, оның апасымен сөзге келіп қалған.

Анасының айтуынша, еңгезердей ер адамның соққысынан кейін қорқып қалған бала сол күні кешке құсып, ұйықтай алмаған.

«Балам кешкісін ұйықтамайтын. Әлсіреп жатып қалды. Дәрігер шақырып, ауруханаға алып бардық. Миы шайқалғаны анықталды», - дейді анасы.

Жәбірленуші баланың анасы ерлі-зайыптылардың кінәларын мойындамай отырғанын айтады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар