Елімізде кешкі және түнгі уақытта жедел жәрдем шақыру қымбаттайды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:22
- 23
Денсаулық сақтау министрлігі жаңа бұйрық жобасын қоғамдық талқылауға шығарды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Құжатқа сәйкес, жедел жәрдемнің 4-санаттағы, яғни өміріне тікелей қауіп жоқ жағдайлар бойынша шақыртулардың тарифі кешкі және түнгі уақытта 340 теңгеден 360 теңгеге дейін өседі.
Бұл санаттағы шақырулар науқастың жағдайы шұғыл медициналық көмекті талап етпейтін жағдайларға жатқызылады.
Тарифтерді қайта қарау нәтижесінде жедел жәрдем қызметтері емханалар жұмыс істемейтін кешкі және түнгі уақытта қоңырауларға жедел қызмет көрсетеді, деп атап өтті министрлік.
Министрлік жобада тарифті арттыру жедел жәрдем бригадаларының жүктемесін төмендетіп, қызмет сапасын жақсартуға және оқиға орнына жету уақытын қысқартуға көмектеседі деп көрсеткен.




