Алматыда полицейлер баланы тепкен ер адамды ұстады.
Алматыда ойын алаңында баланы тепкен ер адам ұсталды. Бұл туралы видео әлеуметтік желілерде кең тарап кеткен болатын, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Оқиғаға қатысты полицияның баспасөз қызметі түсінік берді.
«Әлеуметтік желілерде ер адамның тұрғын үй кешенінің ауласында кәмелетке толмаған балаға соққы берген сәті тарауда. Бұл факт бойынша Алатау ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Тергеу барысы қалалық полиция департаменті басшылығының бақылауында.



