Алғабастағы өрт: зардап шеккен 7 жасар қыз екі аптадан соң көз жұмды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 07:46
- 27
Түркістан облысындағы алапат өрттен аман қалған үш адамның тағы біреуі көз жұмды. Жағдайы өте ауыр болған кішкентай науқас жақында санавиация арқылы облыстық ауруханаға жеткізілген. Алайда 7 жасар Жасмин Талғатбектің сол күйі беті бері қарамады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.
Бірінші сынып оқушысы күйікпен жансақтау бөлімінде жатқан. Оның бас сүйегін жалын шарпып, жүйке жүйесі зақымданған дейді дәрігерлер. Сондықтан ешқандай реанимация және дезинтоксикация шаралары көмектеспепті.
18 қараша күні Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында қос қабатты үйден өрт шығып бір әулеттің 12 адамы жанып кеткен болатын. Оның 9-ы кәмелет жасына да толмаған бала. Тілсіз жаудан тек үш адам тірі қалды. Ол бүгін жерленген Жасмин мен оның ата-анасы болатын. Қазір, 39 жастағы әкесі мен 34 жастағы анасы облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстандық банктердің мемлекетке қанша қарызы бар екені анықталды
- авторkyn.kz
- 1 желтоқсан, 2025



