Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Еркіндігін ер адам үшін құрбан еткен»: Қайрат Нұртастың қызы анасының өміріне қатысты жазба жариялады

«Еркіндігін ер адам үшін құрбан еткен»: Қайрат Нұртастың қызы анасының өміріне қатысты жазба жариялады
Сурет: жеке парақшасынан
Қайрат Нұртастың қызы Алау анасы ер адам үшін құрбан болғанын жазды.

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың 16 жастағы қызы Алау жазба қалдырып, жұрттың талқысында қалды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.  

Ол Instagram-дағы парақшасында фотосессиядан түсірілген қысқа видеосын жариялады.

«Біздің аналарымыз — өз еркіндігі, бақыты мен өмірін ер адам үшін құрбан еткен соңғы ұрпақ. Бұл дәстүр солармен бірге аяқталсын», — деп жазды Алау.

Бұл жазбаға қатысты желі қолданушылары неше түрлі пікір қалдырды. Бірі оның сөзін дұрыс десе, кейбірі түсінбеушілік танытты.

Олар «Дұрыс айтады, саналы қыз екен»,  «Анаң 10 жыл декретте отырып, кейін де сондай сымбатты болып шықты», «Келісемін. Жұлдыз қанша сынаса да, тәрбиелі, ақылды балалар өсіріп отыр» деп жазды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар