Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Мұндай адамдар ешқашан өзгермейді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-күйеуі туған күнінде «ерекше сыйлық» жібергенін айтты

«Мұндай адамдар ешқашан өзгермейді»: Бишімбаевтың бұрынғы әйелі экс-күйеуі туған күнінде «ерекше сыйлық» жібергенін айтты
Сурет: nege.kz
Бишімбаев бұрынғы әйеліне туған күніне ерекше сыйлық жіберіпті.

Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман оқырмандарына туған күнінде бұрынғы күйеуінен алған сыйлығын айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, экс-министр оның үстінен сотқа екі арыз түсірген. Бұл туралы Назым Қаһарман Instagram желісінде жариялады.

"Бұрынғы күйеуім де қалыспай туған күніме сыйлық жіберіпті. Оны жеткізу үшін барын салыпты. Таң атпастан одан сотқа екі шақырту алдым. Кеше қол қойып, Степногорск қаласынан бүгін жедел түрде жеткізіп тұр", - дейді Назым Қаһарман.

Бишімбаев сотқа балаларына қатысты мәселе бойынша арыз түсірген. Бұрынғы әйелінің айтуынша, ол балаларына шетелге рұқсатсыз шығуға мүмкіндік беретін сенімхатын қайтарып алған.

"Бұған көңіл күйім түскен жоқ. Өйткені оның мұндай әрекеттерге баратынын білдім. Бұл адам істеген істеріне өкінбейді. Балаларына барынша көмектесіп, солар үшін қашықтан қуанып жүретін болса, таңғалар едім. Мұндай адамдар ешқашан өзгермейді", - деп жазды Назым Қаһарман.

Айта кетейік, экс-министр Қуандық Бишімбаев пен Назым Қаһарман 14 жыл некеде болған. Екеуінің ортақ үш баласы бар. Олар экс-министрдің сыбайлас жемқорлыққа қатысты бірінші қылмыстық іс бойынша түрмеден босап шыққанынан бір жылдан кейін, 2020 жылы ажырасқан.

Еске салсақ, Астанадағы Bau мейрамханасында әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірген экс-министр Қуандық Бишімбаев 24 жыл бас бостандығынан айырылған еді. 

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар