Денсаулық сақтау министрі ұшақтағы видеоға қатысты пікір білдірді
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:47
- 13
Мәжіліс кулуарында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ұшақта жолаушыға көмек көрсеткен оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Журналистер видео әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін көптеген қазақстандық бұны ұйымдастырылған деген пікірлер қалдырғанын айтты.
"Бұл көмек көрсеткен бірінші жағдайым емес. Бірақ бірінші рет видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып жіберген. "Дәрігер бар ма?" деген кезде жүгіріп барып көмек көрсеттім. Менің орнымда болса кез келген дәрігер, медицина қызметкері осылай жасар еді деп ойлаймын. Сондықтан бұл жерде айтарлықтай сұрақ, күмән туындайтын ештеңе көріп тұрғаным жоқ", - деді Ақмарал Әлназарова.
Айта кетсек, белгілі журналист Гүлмира Әбіқай үшақта жағдайы нашарлап кеткен жолаушы өзі екенін айтып, Денсаулық министріне алғысын білдірген болатын.




