Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Астанада көз жұмған фельдшердің құрметіне ескерткіш орнатылып, колледжде арнайы сынып ашылуы мүмкін

Астанада көз жұмған фельдшердің құрметіне ескерткіш орнатылып, колледжде арнайы сынып ашылуы мүмкін
Сурет: ашық дереккөздерден
Астанада қаза тапқан 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне орай ескерткіш орнатылады.

Мәжілістің кулуарында денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қаза тапқан фельдшер Ұлдана Мырзуанның құрметіне Астанадағы медициналық колледжде арнайы аудитория ашу жоспарда бар екенін айтты, деп хабарлайды 

Министрдің айтуынша, бұл іске қатысты тергеу істері әліде жүріп жатыр. Қазір тергеу қандай лауазымды тұлғалар мен ұйымдар бұзушылыққа жол бергенін анықтап жатыр.

«Біз оның оқыған колледжінде құрметіне аудитория ашуды жоспарлап отырмыз. Бұл барлық медициналық қызметкерлер үшін ауыр трагедия. Сондай-ақ, басына ескерткіш орнатуды да ойластырып жатырмыз», — деді Ақмарал Әлназарова.

Еске салсақ, Астанада зардап шеккендерге көмектесу кезінде жедел жәрдем фельдшері Ұлдана Мырзуанның үстіне кондиционер құлап кеткен болатын. Жарақатының салдарынан фельдшер көз жұмды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар