Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«110 млн теңге»: Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді

«110 млн теңге»: Ақтөбеде авиазауыттың экс-басшысы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді
Сурет: depositphotos.com
Ақтөбеде авиазауыттың бұрынғы басшысына қатысты тергеу аяқталды.

Ақтөбе облысында «Авиажөндеу зауыты №406 ГА» АҚ-ның бұрынғы басшысына қатысты бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу аяқталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысы қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, тауарлық-материалдық қорларды заңсыз есептен шығару схемасын ұйымдастырған.

«МИ-2 тікұшақтарына, АН-2 әуекемелеріне және қозғалтқыштарға арналған агрегаттар мен қосалқы бөлшектерді жалған сатып алу тиесілі бақылауындағы компаниялар арқылы жүргізілген. Зауыттың құжаттарында аталған агрегаттар қоймадан алынған және күрделі жөндеу кезінде авиациялық техникаға орнатылған ретінде көрсетілген, бірақ іс жүзінде қолданылмаған», - делінген Қаржылық мониторинг агенттігінің хабарламасында.

Мемлекетке келтірілген шығын 110 млн теңгені құрады.

Сот санкциясымен авиажөндеу зауытының бұрынғы басшысына тиесілі 2 пәтер мен жер учаскесіне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жолданды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар