Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Оралда 10 сынып оқушысы 7 жылға сотталды

Оралда 10 сынып оқушысы 7 жылға сотталды
Сурет: egoradmin.ru
10 сынып оқушысы психотроптық заттар сатқан.

Оралда оныншы сынып оқушысы 7 жылға сотталды. Ол психотроптық заттарды сатқан, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Бұл туралы БҚО прокурорының орынбасары Азамат Кұстанов ӨКҚ брифингінде айтқан.

Жасөспірімнің өзі де үнемі есірткі қолданған. Соңғы үш жылда өңірде 14 пен 22 жас аралығындағы 49 жасөспірім мен жас азамат сотталған. Олардың 39-ы — есірткі сақтағаны, 10-ы — сатқані үшін. 35 іс бойынша айыптау үкімдері шыққан.

Осы жылдың 10 айында есірткіге байланысты қылмыстар саны 11%-ға төмендеген. Есірткі сатудың негізгі алаңдары ретінде Telegram-арналар мен криптәмияндар қалып отыр.

 

Бөлісу:
Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар