Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Телефонын бермей қойған»: Ақтөбеде өз анасын өлтіріп, әжесін пышақтаған оқушыға қатысты дерек пайда болды

«Телефонын бермей қойған»: Ақтөбеде өз анасын өлтіріп, әжесін пышақтаған оқушыға қатысты дерек пайда болды
Сурет: apa.az
Өз туған анасын өлтірген 11-сынып оқушыға туралы көршілер мен ұстаздары тың мәліметпен бөлісті.

Ақтөбеде анасын пышақтап өлтіріп, әжесіне жарақат салған оқушыға қатысты мәлімет пайда болды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

71 жастағы қария бұл оқиғадан соң күйзеліске түскен. Оған мамандар көмек көрсетуде. Ал өз анасын өлтіріп, әжесін жарақаттаған оқушыны ұстаздары үлгілі болғанын айтады.

«Баланың тәртібі өте жақсы. Ешқандай шағым жоқ. Оқу үлгерімінде мәселе жоқ. Мұғалімдерден де кері байланыс болып жатыр. Толық отбасынан шыққан», - дейді жекеменшік мектептің директоры Сүндетбек Қалдыбекұлы.

Көршілері де болған жайтқа әлі сене алмайды. Олар 11-сыныпта оқитын оқушының ешқандай артық мінезін көрмеген. Үлкендерге көмектесіп, екі бауырына да қамқорлық танытып жүретін дейді.

«Араласып жүрген көрші. Балаларының да ешқандай жаман қылықтарын көрмегенбіз. Сөмкемізді ұстап, көмектесіп жүретін. Бұл отбасы Алғадан келген. Балаларын оқыту үшін көшіп келген. Әкесі такси жүргізушісі болып істейді», - дейді көршісі. Сұлушаш Жұмабаева.

Анасын өлтірген жасөспірімге қатысты Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Әліби Латып түсініктеме берді.

“Өте өкінішті жағдай. Күдіктінің жасы – 16-да. Ол толыққанды отбасында тәрбиеленіп жатқан, әлеуметтік жағдайы жақсы, оқу үлгерімі де жоғары, алайда мінезі тұйық бала болған. Осы оқиғадан кейін білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық шаралар күшейтілді. Ата-аналарға балалардың тәртібі мен мінез-құлқындағы өзгерістерге мұқият болуға, бақылауды күшейтуге және алдын алу шараларына түсіністікпен қарауға шақырамыз, – деді басқарма басшысы.

Қазіргі кезде адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Ол кінәсін мойындаған. Алайда қылмысқа не себепті барғаны белгісіз. Болжам бойынша оқушының мұндай әрекетке баруына анасының ұялы телефонын алып, бермей қоюы себеп болуы мүмкін.

Айта кетсек, бұған дейін Ақтөбеде мектеп оқушысы анасын өлтіріп, әжесін пышақтады деген күдікке ілінген болатын. Оқиға 2 желтоқсан күні орын алды.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар