«Ешқандай кінә мен қателік кеткен жоқ!»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауынан кейін ресми мәлімдеме жасады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 13:52
- 29
Әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы өзіне қатысты туындаған допинг дауына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жәнібек өзінің таза екенін айтты.
"Қолдауларыңызға рақмет, шын жанкүйерлер! Бұйыртса бұл да артта қалады. Бұрын салмақ жасай алмай қалғанда да біраз адам күмәнданған! Кейін олар да жанкүйер болып кетті. Ол қиындық та артта қалды. Бұл допинг дауы да шешіледі! Біздің команда ең мықты команда! Біз әлі әлемге талай қазақша сөйлейміз! Біз әлі талай жастарға құмар ойнама деп айтамыз! Біз әлі талай туды желбіретеміз! Біздің мақсат айқын. Ол мақсаттан бізді ешқандай қиындық тайдыра алмайды", –деді ол.
Спортшы допинг-тестің B үлгісін ашуға ресми өтініш бергенін мәлімдеді.
"Сынап жатқандарға мән бермеңіздер! Олар бұрыннан бар, 4 титул алғанда да бола береді! Біз тек алға жүреміз! Амандықта жүздесейік! Ең бастысы біз тазамыз! Бізден ешқандай кінә мен қателік кеткен жоқ! Бәрі бұрынғы витаминдер мен бұрынғы мәзір! Қазір анализдің екінші қорабын ашуға өтініш жазылды! Жауабын күтеміз!", – деп жазды ол Instagram парақшасында.
Ұқсас жаңалықтар
«Бұл жаңалық мені таңғалдырды»: Жәнібек Әлімханұлы допинг дауына ілікті
- авторТомирис Тоныкөк
- 3 желтоқсан, 2025
"Қайраттың" және Шерхан Қалмұрзаның бұрынғы бапкері қайтыс болды
- авторТомирис Тоныкөк
- 1 желтоқсан, 2025




