Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Референдум-2026

Қостанай облысында 14 жастағы өгей қызына сексуалдық қысым көрсеткен депутат өмір бойына сотталды

Қостанай облысында 14 жастағы өгей қызына сексуалдық қысым көрсеткен депутат өмір бойына сотталды
Сурет: ng.kz
Депутат және кәсіпкер өгей қызына сексуалдық қысым көрсетіп келген.

Қостанай облысы Лисаков қаласының депутаты және кәсіпкер Абылайхан Демисенов 14 жастағы өгей қызына қатысты сексуалды сипаттағы әрекеттер жасағаны үшін өмір бойына сотталды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Сот процесі жабық режимде өткен, іс бойынша ешқандай қосымша мәлімет жарияланбаған.

Абылайхан Демисенов танымал кәсіпкер, қалалық мәслихат депутаты.
Ол спорттық-сауықтыру қызметтерін көрсету, ауыл шаруашылығы техникаларын жөндеу сияқты бизнеспен де айналысқан. Қылмыс туралы ақпарат наурыз айында белгілі болған.

Сондай-ақ, ол қайырымдылықпен айналысқан, мешіт салуға қаржы аударған, аз қамтылған отбасыларға көмектескен.

Айта кетейік, ал зардап шеккен 14 жастағы қыздың анасы мен Абылайхан Демесинов екінші рет некелескен. Қызды ер адам мен әйел асырап алған.

Бұған дейін осы жағдайға қатысты «НеМолчи» қоры мәлімет таратқан болатын.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар