Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Ішінен аяқпен тепкен»: Ақтөбеде ауруханада мүмкіндігі шектеулі баланы төрт күн бойы аш қалдырған

«Ішінен аяқпен тепкен»: Ақтөбеде ауруханада мүмкіндігі шектеулі баланы төрт күн бойы аш қалдырған
Сурет: видеодан скриншот
10 жасар баланың анасы ұлын ауруханада қорлағанын айтып, шағымданды.

10 жастағы баланың анасы өзге науқастардың ұлының тамағын тартып алып, аш қалдырғанын, сонымен қатар ұрып-соққанын айтып, шағымданды. Ол кінәлілерді жауапқа тартуды талап етіп отыр, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

Екінші топтағы мүгедектігі бар 10 жасар Микаэль Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының неврология бөлімшесінде үш балаға арналған палатаға орналастырылған. Анасының айтуынша, жантүршігерлік жағдайлар сол жерден басталған.

“Оның тамағы мен сусындарын тартып алған. Төрт тәулік бойы тамақ ішпеген. Сол үш баланың біреуі ғана ұрған. Баланың жасы 12-де, кәмелетке толмаған. Дәл сол бала оған соққан, басынан ұрған, құрсақ өрімі мен ішінен аяқпен тепкен. Кейін баламды иықтан ұстап еденге лақтырған. Денесінде көгерген іздер пайда болған. Ауруханаға жатқызылғанда мен жанында болмадым. Полицияға арыз жаздым, алайда құқық қорғау органдары әзірге дене жарақаттарына сараптама жүргізілмегенін айтты”, – дейді баланың анасы.

Дәрігерлер балалардың арасында шынымен жанжал болғанын растады. Бірақ балалар арасындағы ұрыс-керістен әрі аспағанын айтады.

“Стационарда ем алып жатқан 10–12 жастағы балалар кешке мобильді ойын ойнап отырған кезде дауласып қалған. Дауыстарды естіген мейіргер палатаға кіріп, олардың бір-біріне балағат сөздер айтып жатқанын көрген. Кейін оларды әртүрлі палаталарға орналастырды”, — деп түсіндірді Ақтөбе облыстық көпсалалы балалар ауруханасының педиатр-кардиологы Әлима Ботбаева.

Баланың анасы объективті тергеу жүргізуді талап етіп отыр. Сондай-ақ ұлының денесіндегі көгерген іздер аурухана қызметкерлерінің әрекетін тексеруге айтарлықтай себеп дейді.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар