Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

"Той көйлегі тым ашық": 19 жастағы қалыңдық күйеуінің туыстарының сынынан кейін өзіне қол салды

"Той көйлегі тым ашық": 19 жастағы қалыңдық күйеуінің туыстарының сынынан кейін өзіне қол салды
Сурет: The Sun
Әзербайжанда тұрмысқа шыққалы жатқан қыз өзіне қол жұмсап, көз жұмды.

Әзербайжанның Мингачевир қаласында болған қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр. 19 жастағы Ляман Мамедли болашақ күйеуінің туыстары мен өзінің отбасы арасындағы жанжалдан кейін өз-өзіне қол жұмсаған, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі The Sun басылымына сілтеме жасап.

Қайтыс болған қыздың әкесі Мурад Байрамовтың айтуынша, трагедияға оның қызының той көйлегіне байланысты шыққан дау себеп болған. Оның сөзінше, жігіт пен оның ата-анасы көйлекті «өте ашық» және «арандатушылық» деп бағалап, қалыңдықтың үйінде жанжал шығарған. Байрамов әлеуметтік желілерде тараған «Ляман жас айырмашылығына байланысты тұрмысқа шыққысы келмеді» деген қауесеттерді де жоққа шығарды.

Әкесінің айтуынша, екі отбасы арасындағы кикілжің — «қыз тойынан» кейін басталған. Рәсімнен соң Эльнур мен оның ата-анасы қалыңдықтың үйіне келіп, жанжал шығарған.

«Біз көйлектің қалыпты екенін түсіндірдік, бірақ олар тынышталмады. Келесі күні жанжал жалғасты. Отбасыларымыздың бір-біріне үйлеспейтінін түсіндік. Бірақ тым кеш болды. Қызым қысымды көтере алмады, күйзеліске түсіп, үмітсіздіктен өзіне қол жұмсады», — деді Байрамов.

Марқұмның жерлеуіне Эльнур мен оның ата-анасы келген. Бірақ оларды әкесі қуып шыққан.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар