Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Аяз, қар, көктайғақ»: құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады

«Аяз, қар, көктайғақ»: құтқарушылар қазақстандықтарға үндеу жасады
Сурет: 04.mchs.gov.ru
Құтқарушылар елімізде ауа райының өзгеруіне байланысты ескерту жасады.

Қазақстанда қатты аяз, қар, боран болып, тұман, көктайғақ орнайды. Құтқарушылар ел азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Ақтөбе, Қостанай, СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Алматы, Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарында -20-33 °C қатты аяз күтілуде.

СҚО, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, ШҚО, Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстарында қар жауып, боран соғады.

Алматы, Түркістан, Жамбыл, ШҚО, Ақтөбе, Қызылорда, БҚО облыстарында көктайғақ күтілуде.

«ТЖМ қауіпсіздік шараларын сақтауды, алыс жол жүруді шектеуді, жылы киінуді және болжамдарды қадағалауды ескертеді», – делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар