Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бюджет туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысы "2026 – 2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", - делінген хабарламада.
Еске салайық, 26 қарашада Парламент 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджетті бекітті.
Негізгі көрсеткіштер қалай өзгереді?
- АЕК - 4 325 теңге (2025 жылы бұл - 3 932 теңге).
- Ең төменгі жалақы (ЕТЖ) - 85 000 теңге (өзгеріссіз).
- Ең төменгі зейнетақы - 69 049 теңге (2025 жылы бұл - 62 771 теңге).
- Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 35 596 теңге (2025 жылы бұл - 32 360 теңге).
- Ең төменгі күнкөріс деңгейі - 50 851 теңге (2025 жылы бұл - 46 228 теңге).
Айта кетейік, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мына жағдайларда қолданылады: жәрдемақы, зейнетақы және әлеуметтік төлем мөлшерін есептеу; салық және басқа да міндетті төлемді есептеу; айыппұл мен басқа санкциялардың мөлшерін анықтау. Жыл сайын АЕК мөлшері республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшері өзгерген соң айыппұл көлемі де өзгереді. Мәселен жылдамдықты сағатына 10-20 шақырымға арттырғаны үшін айыппұл 5 АЕК немесе 21 625 теңге болады. Сағатына 20-40 шақырымнан асып кеткені үшін 10 АЕК, бұл дегеніміз - 43 250 теңге. Сағатына 40 шақырымнан асқаны үшін 20 АЕК, яғни 86 500 теңге төлеуге тура келеді. Бір жыл ішінде қайталанса, 30 АЕК, 129 750 теңге төлеуі қажет.




