Қоғам
Экономист 2026 жылы елімізде ауыр дағдарыс болатынын болжады
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:32
- 34
Сарапшы елдегі экономикалық ахуалды айтты.
Экономист Айдархан Құсайынов алдағы уақытта халықтың табысы төмендеп, 2026 жылы жағдай одан әрі күрделі болатынын айтады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Бұл туралы ол «Ошакбаев Live» бағдарламасында айтты.Оның болжамы бойынша, 2026 жылдың бірінші жартысынан-ақ салық түсімдерінде елеулі мәселелер байқалады.
Сарапшы салықтар өсіп жатқанын, тұтынушылық несиелеуге шектеу қойылғанын, ал халықтың табысы артпайтынын айтады. Бұл тұтынуды тежейді және экономикалық өсімді іс жүзінде тоқтататынын алға тартты. Оның сөзінше, экономикалық модельдің дағдарысы 2026–2027 жылдары толық айқын болады.
Экономист қазақстандықтанға қазірден бастап шығынды азайтып, артық ақша жинай бастауы қажет екенін ескертеді.




