Қоғам
Қостанай облысында аязға байланысты оқушылар қашықтан оқуға көшті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 09:48
- 33
Еліміздің бір өңірінде оқушылар қашықтан оқуға ауысты.
Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында ауа температурасының төмендеуі мен қатты желге байланысты бірінші ауысымдағы оқушылар қашықтықтан оқуға жөнелтілді, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі Kazinform.
Жергілікті білім басқармасының басылымға хабарлауынша, бірінші ауысымдағы оқушылар мен 1-4 сынып оқушылары қашықтан оқытылып жатыр.
Бұл шектеу аудандағы №1 Ұзынкөл орта мектебі, К.Дөненбаева атындағы орта мектеп және Троебратская орта мектебіне қатысты.
Айта кетейік, бұл өңірде ауа температурасы желмен бірге -25°С-қа дейін төмендеді.
Ал басқа сынып оқушылары қалыпты оқуларын жалғастырып жатыр.




