Басты жаңалықтар
Алматы облысында селфи жасамақшы болған әйел суға батып кетті
- автор kyn.kz
- 17 шілде, 2018
- 267
Алматы облысындағы Қаскелең өзеніне 35 жастағы әйел суға ағып кетті
Қайғылы оқиға кеше Қаскелең қаласындағы «Нұрлы тау» демалыс орнында болған. Республикалық жедел құтқару жасағының мамандары әйелдің денесін кешкі 9-дан бастап іздеген.
«3 сағаттан соң марқұмның денесі құлаған жерінен қашық жерден табылды. Іздестіру жұмыстары күннің батуына байланысты біраз уақытқа созылды. Әйелдің денесі су астындағы қоқыс пен бұтақтарға оралып қалған», - деді РЖҚЖ құтқарушы медбикесі Екатерина Клочко.
Оқиға куәгерлерінің айтуынша, әйел тас үстіне шығып суретке түспек болғанда байқамай өзенге құлап кеткен.
Келесі мақала