Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Дәурен Айдарқұлов тоқал алу туралы: Ақботаның мінезіне шыдаса

Дәурен Айдарқұлов тоқал алу туралы: Ақботаның мінезіне шыдаса
ашық дереккөз
Актер әлеуметтік желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді
Екінші рет үйленемін деп басы дауға қалған актер Дәурен Айдарқұлов Instagram  парақшасында желі қолданушыларының сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды Kyn.kz ақпарат агенттігі. Әлеуметтік желі қолданушылары Дәурен Айдарқұловқа мінезін, тоқал алып, көпбалалы отбасы атануға деген көзқарасын сұрады. «Көңіліме жақпайтын сұрақ немесе пікір оқыған кезде жерге өзімнің аппақ кілемімді төсеп, лотос позасында отырып медитация жасаймын. Пікірді толықтай ой елегімнен өткізіп, жанымды жайландырамын. Кейін жан-дүниемнен таза пікірді алып шығамын. Негізі әзілдеп отырмын. Мұндай жағымсыз пікірлер жазатын қолданушыларды бұғаттаймын», - деп әзілдеді актер.  width= Әлеуметтік желі қолданушыларының бірі актердің үшінші әйел алуға және тағы да балалы болуға деген көзқарасы туралы сұрады. «Мен әрдайым тағы бір баламның болғанын қалап жүремін. Ал тоқалды Ақботаның мінезіне шыдаса алар едім», - дейді Дәурен Айдарқұлов. Автор: Kyn.kz
Бөлісу:
kyn.kz
Автор

kyn.kz

kyn.kz - ақпарат агенттігі

Ұқсас жаңалықтар