Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

«Сахнамен қоштасуым мүмкін»: Роза Рымбаева күтпеген мәлімдеме жасады

«Сахнамен қоштасуым мүмкін»: Роза Рымбаева күтпеген мәлімдеме жасады
Сурет: instagram.com/rozarymbaeva
Роза Рымбаева сахнадан кетуі мүмкін екенін айтты.

Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін. Бұл туралы ол  “Abai TV” телеарнасындағы “Сарасөз” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Қазіргі уақытта өнер иесі 50 жылдық есеп беру кешіне қызу дайындық жүргізіп жатқанын бөлісті. Осы мерейтойлық концерт оның үлкен сахнадағы соңғы кеші болуы әбден мүмкін екен.

“Бұл – менің өнер жолымның ең маңызды кезеңдерінің бірі. Осы концерттен соң ресми сахнамен қоштасуым мүмкін. Мұндай ниетім бар. Әрине, анда-санда үлкен концерттерге шығып тұрамын”, – дейді әнші.

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар