Қоғам
Түркістан облысында қоқыс жәшігінен жаңа туған сәбидің денесі табылды
- автор Томирис Тоныкөк
- 10 желтоқсан, 2025
- 650
Түркістан облысында жаңа туған нәрсестенің мәйіті табылды.
Түркістан облысы Кентау қаласындағы аулалардың бірінде жаңа туған нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Қазір баланың анасын анықтау үшін жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
«Полиция қызметкерлері аулааралық аумақтарды аралап, бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделеп, сондай-ақ жақын орналасқан үйлердің тұрғындарымен және куәгерлермен сұхбат жүргізіп жатыр», – деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, медициналық мекемелер де кешенді түрде тексеріліп жатыр. Сондай-ақ, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.
Келесі мақала




