«Кішкентай қыз»: Жігер Ауыпбаевтың таңдауы өзінен 15 жас кіші қызға түсті
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 12:21
- 1
Белгілі әнші Жігер Ауыпбаев желідегі парақшасында жас қызбен түскен суретін жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Өзінен 15 жас кіші бойжеткенмен түскен суретін жариялаған ол көпшіліктің қызу талқысына түсті.
«Ара 15 жас болса қалай? Кішкентай қыз, сендегі қиял бөтен, Сен туралы сезіммен жиі әндетем.
Сенің сол бір кішкентай жүрегіңе, мендегі таудай сезім сияр ма екен, деп қоясың ғо әлгі жерде», — деп жазды Ауыпбаев.
Желі қолданушылары неше түрлі пікір қалдырды.
«Неге өнер жұлдыздары жасы ұлғайған кезде орамалды қыздарға үйір болады?», «Жас қыздар неге үлкен ер азаматтарға қызығады?», «Еркелетіп жүріп ерте есейтіп, қартайтып қоймасаңдар болды», «15 жас айырмашылық қорқынышты емес, махаббат жасқа қарамайды, Нұрғали атамыздан үлгі алыңдар», – деген сынды ойларын жазған.
Ұқсас жаңалықтар
Димаш Құдайберген БҰҰ жаһандық ізгі ниет елшісі болып тағайындалды
- авторТомирис Тоныкөк
- 9 желтоқсан, 2025



