Қоғам
Германияда өлтірілген судья Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесіне іздеу жарияланды
- автор Томирис Тоныкөк
- Бүгін, 14:54
- 121
Айгүл Сайлыбаеваның күйеуі мен енесі іздестіріліп жатыр.
Ішкі істер министрлігі Германияда өлтірілген қазақстандық судьяның енесі мен жолдасына іздеу жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Министрлік Наталья Донцова мен оның ұлы Александр Донцовқа іздеу жариялады. Іс Жетісу облысында тіркелген.
Александр Донцов – Қазақстан азаматы, ал анасы ТМД елінің азаматы.
Еске салсақ, Айгүл Сайлыбаеваның денесі 2024 жылдың 16 маусым күні Германияның Бенсхайм қаласының маңынан табылды. Мәйіт полиэтилен пакетте болған. Әйел өлтірілмес бұрын зорлық-зомбылыққа ұшыраған. 4 маусым күні таңертең Сайлыбаева қызын балабақшаға алып кеткен. Содан кейін оны ешкім көрмеген.
Айгүл Сайлыбаева Бенсхайм қаласында күйеуі, қызы және енесімен бірге тұрған.



