Жаңалықтар | Күн жаңалықтары - Kyn.kz. Қазақстан және әлем жаңалықтары. Күннің басты жаңалықтары

Байланыс

Қарағанды облысында жүк пойызы рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны басып кетті

Қарағанды облысында жүк пойызы рельс ауыстырып жатқан төрт жұмысшыны басып кетті
Сурет: ferrum-vrn.ru
Қарағанды облысында төрт жұмысшыны жүк көлігі басып кетіп, мерт қылды.

Қарағанды облысындағы Шешенкара–Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы төрт теміржолшыны басып кетті. Салдарынан төртеуі де қаза тапты, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оқиға 10 желтоқсанда сағат 17:15-те болды. Шешенкара–Қаражанғыл аралық өткелінде жүк пойызы жоспарлы жұмыстарды орындап жатқан жолшылар бригадасымен соқтығысқан.

ҚТЖ мәліметінше, қауіпсіздік шараларының сақталғанына және машинистің шұғыл тежеу жасағанына қарамастан, қайғылы оқиғаны болдырмау мүмкін болмаған — төрт жұмысшы көз жұмды.

Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кірісті.

ҚТЖ басшылығы қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қажетті қолдау көрсетілетінін хабарлады.

 

Томирис Тоныкөк
Автор

Томирис Тоныкөк

Kyn.kz тілшісі

Ұқсас жаңалықтар