2026 жылы қазақстандықтарды ұзақ демалыс күндері күтіп тұр
- автор Томирис Тоныкөк
- 11 желтоқсан, 2025
- 731
Алдағы 2026 жылы қазақстандықтар 119 күн демалып, 246 күн еңбек етеді. Сол себептен саяхаттайтын күндерді осы кезден жоспарлап қоюға болады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Жаңа жылда қазақстандықтар қатарынан 4 күн (1-4 қаңтар аралығында) демалады. Ал 7 қаңтар – Рождество мерекесі сәрсенбіге келіп тұрғандықтан, апта ортасында бір күн демалыс бар.
Наурыз мейрамында қазақстандықтарды 5 күн қатарынан (21-25 наурыз) ұзақ демалыс күтіп тұр.
Халықаралық әйелдер күні (8 наурыз) жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауыстырылады.
Мамыр айында мереке күндері көп. Бұл айда небәрі 17 жұмыс күні және 14 демалыс күні бар. 1 мамыр - жұма күні демалыс, 7 мамыр - Отан қорғаушылар күні (бейсенбі), 9 мамыр - жеңіс күні сенбіге түсетіндіктен, дүйсенбі (11 мамыр) қосымша демалыс болады.
Сонымен қатар, мұсылман қауымы үшін маңызды мереке – Құрбан айт шамамен 27 мамырға (сәрсенбі) тұспа-тұс келуі мүмкін.
6 шілде - Астана күні, дүйсенбіге келіп тұр. Яғни, тағы қосымша бір күн демалыс болмақ.
Тамыз айында Конституция күні (30 тамыз) жексенбі болғандықтан, 31 тамыз (дүйсенбі) демалыс болып жарияланады.
Күзде Республика күні (25 қазан) жексенбіге түсіп, қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады. Ал жыл соңында Тәуелсіздік күнінде (16 желтоқсан) бір күн демалыс беріледі.
Ұқсас жаңалықтар
Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026
Қазақстандықтар зейнетақы қаражатын жеке компанияға тапсыра алады
- авторТомирис Тоныкөк
- 7 қыркүйек, 2026




